Жаңалықтар
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Түркістан қаласында юниорлар мен U23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты жалғасуда. Төртінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ұлттық құраманың қоржынына кезекті жүлделерді салды.
U23 жас санатындағы әйелдер арасында К4 қайығымен 500 метр қашықтықта В. Трапезникова, С. Суханова, Т. Гладкова және Е. Масякинадан құралған экипаж чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды.
Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған спортшылар:
• М. Карманова, Р. Искакова, М. Бровкова және У. Киселева — С4, 500 м (U23);
• Д. Коляда мен Т. Таранов — К2, 500 м (U18);
• А. Миллер мен С. Лыжин — С2, 500 м (U18);
• Э. Костенко мен А. Прибуткова — К2, 500 м (U18);
• К. Сломинская мен М. Абдубаева — С2, 500 м (U18);
• С. Шарапиев, Ю. Горбов, В. Руденко және П. Туребеков — С4, 500 м (U23);
• М. Заталокка, Д. Ладюков, Э. Ярлыков және Г. Ударцев — К4, 500 м (U23).
Спортшылар мен олардың бапкерлерін жоғары нәтижелерімен және Азия чемпионатындағы табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!