«СПОРТ ЖАЙЛЫ 5 ДЕРЕК» АЙДАРЫ: ТАЕКВОНДО

13.01.2025

  1. Ежелгі шығу тегі: Таеквондоның тамыры Корей елінің Корё тайпасынан бастау алады деседі. Аталған спорт түрі бірнеше ғасыр бойы Кореяда дамыған тэккёндо мен хварёнг сияқты ежелгі жекпе-жек өнерінің элементтерінен тұрады. Айта кеткен жөн, заманауи таеквондо ХХ ғасырдың ортасында қалыптасқан.
  2. Аяқ соққыларына баса назар аударатын стиль: Таеквондода аяқпен жылдам әрі жоғары, айналып соққылар жасау керек. Бұл спорттың өзіндік ерекшелігі болып саналады.
  3. Тәртіп пен философия: Таеквондо физикалық дайындықтан бөлек, айналасындағыларға адалдық танытып, құрмет көрсетуді үйретеді, сонымен қатар төзімділікті арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуге баулиды. Бұл құндылықтар жаттығу процесінің маңызды бөлігі болып табылады.
  4. Халықаралық тану: Таеквондо 2000 жылы Сидней Олимпиадасында олимпиадалық спорт түріне айналды. Осыдан кейін әлем бойынша танымалдыққа ие болып, көптеген жастардың қызығушылығын оятты.
  5. Әр түрлі шеберлік деңгейлерін анықтау: таеквондода спортшылардың шеберліктеріне қарай ақ және қара белбеу дәрежелері беріледі. Бұл олардың жетістіктерін бақылап, одан әрі дамуға ынталаландырады. Әр белдеу белгілі бір білім мен дағды деңгейіне жетуді білдіреді.

Бөлісу: