БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖҮЗУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

27.10.2024

Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде балалар арасында суда жүзуден жарыс өтті. Республика күніне орайластырылған сайыстың басты мақсаты - ұл-қыздардың жүзуге деген ынтасын арттырып, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа «Qazaqstan», «Сарыарқа» фитнес орталығында жаттығатын 2008-ші және одан кейінгі жылдарда туған балалар қатысты.

Жүзу бәсекесі өте қызықты әрі тартысты өтті. I-III орынға ие болғандары алтын, күміс және қола медальдарды қанжыларына байлап, грамота алды. Құттықтаймыз!

Бөлісу: