Олимпиадалық даярлау орталығы

"Астана"

Фитнес орталықтың жұмыс уақыты 7:00-ден 23:00-ге дейін. Демалыс күні дүйсенбі.
Балалар велоспортқа 16 жастан, жүзуге 7 жастан, таеквондоға 6 жастан, футболға 7 жастан, мәнерлеп сырғанауға 4 жастан бастап қабылданады.

I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға фитнес орталығына келу тегін.

50 пайыз жеңілдігі бар абонементтік картаны сатып алуға құқылы:

- барлық пакет түрлерін зейнеткерлер;

- ата-ананың келісімімен 14 жастан бастап балалар;

- студенттер (іштей оқу бөлімі, бакалавр, 23 жасқа дейін);

- Bronze және Silver абонементтік карталарын шет ел студенттері;

- 7-14 жастағы балалар үшін абонементі бар ересектермен бірге бір реттік кіру.

Абонементтік картасы бар бір ересек адаммен бірге 7 жасқа дейінгі екі балаға кіру тегін.

Фитнес орталығындағы жеңілдіктер тек тиісті растайтын құжаттар болған жағдайда ғана беріледі (жеке куәлік, зейнеткерлік куәлік, туу туралы куәлік, мектептен берілетін анықтама, студенттік билет және т.б.). Жеңілдігі бар абонементтер атаулы болып табылады, сондықтан ол үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс.

Ақпаратты 8 (7172) 707- 152 нөмірі арқылы біле аласыз.
Фитнес орталығының абонементтері мен оның бағасы «Фитнес» - «Бағатізбе» бөлімінде көрсетілген.
Ересектер үшін бір реттік келу 07:00-ден 21:00-ге дейін 5000 теңге, балалар үшін 2500 теңге. Сағат 18.00-ге дейін кіру.