Қызметі туралы
"Астана" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ органдарында заңды тіркеуден өтті және 26.01.2021 жылдан бастап "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы" анықтамаға сәйкес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қарашадағы № 766 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы», «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының қосылу жолымен құрылды және барлық құқықтар мен міндеттердің, оның ішінде тараптар дауласатын міндеттемелердің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Кәсіпорын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ органдарында заңды тіркеуден өтті және 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы» анықтамаға сәйкес жұмыс істейді.
Кәсіпорынның қызмет мақсаты – спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру үшін велошоссе, велотрек, маунтинбайк, академиялық есу, байдарка және каноэ есуде, есу слаломында, оқ атуда, стендтік атуда, садақ атуда, триатлонда, жеңіл атлетикада жыл бойы орталықтандырылған дайындықты ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамытуға арналған спорттық нысандар мен жабдықтарды ұстау және пайдалану, сондай-ақ ұйымдар мен халыққа дене шынықтыру-спорттық қызметтер көрсету.