"Сарыарқа" велотрегіндегі Фитнес-орталық
"Сарыарқа" велотрегіндегі Фитнес-орталық
Біз Сіздерді денсаулық, сұлулық және тамаша көңіл-күй әлеміне енуге шақырамыз!
«Сарыарқа» фитнес-орталығы – Есіл өзенінің сол жағалауында, «Сарыарқа» республикалық велотрегінің күмбезінің астында орналасқан.
Республикалық велотрек ғимаратының астында өтетін жаттығулар – ең алдымен жоғары мотивация. Сабақтарды біздің фитнес орталықтың тәжірибелі нұсқаушылары әр келушіге жеке әзірленген бағдарламалар бойынша, ағзаның барлық ерекшеліктерін және қойылған мақсатты ескере отырып өткізеді.
Біздің мақсатымыз – Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын спортпен мүмкіндігінше көбірек айналысуға тарту!
«Сарыарқа» фитнес-орталығы «Сарыарқа» республикалық велотрегінің екі қабатында орналасқан және оның инфрақұрылымына жаттығу залы, бассейндер және сауналар кіреді.
Біз өз клиенттерімізге фитнес және сұлулық саласындағы ең озық, бірегей және заманауи қызмет түрлерін ұсынамыз. Біздің фитнесте Сіз белсенді отбасылық демалыс пен денені жетілдіруге қажеттінің барлығын таба аласыз.
«Сарыарқа» фитнес-орталығындағы барлық бағдарламалар Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпсіздік пен барынша пайда қағидасына негізделіп құрылады!
Фитнес-орталықтың жұмыс кестесі:
- Дүйсенбі – екі аптада бір рет санитарлық күн
- Сейсенбі – 7:00-ден 23:00-ге дейін
- Сәрсенбі – 7:00-ден 23:00-ге дейін
- Бейсенбі – 7:00-ден 23:00-ге дейін
- Жұма – 7:00-ден 23:00-ге дейін
- Сенбі – 7:00-ден 23:00-ге дейін
- Жексенбі – 7:00-ден 23:00-ге дейін
Касса жұмыс кестесі:
- 7:00-ден 20:30-ға дейін (дүйсенбі–жексенбі), түскі үзіліс 13:00-ден 13:30-ға дейін.
Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 45 А (батыс кіреберіс).
Анықтама телефондары: +7 (7172) 707 179, 707 149, +7 (708) 425 16 55 (екі аптада бір рет дүйсенбі – санитарлық күн).