Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Орталық басшылығы туралы

Бектенова Айгуль Бақытжановна

"Астана" Олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК директорының орынбасары

Бектенова Айгуль Бақытжановна 1986 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтын-Емел ауылында дүниеге келген.

Білімі:

  • 2008 жыл - Қазақ спорт және туризм академиясы, «Дене шынықтыру оқытушысы, ату спортының жаттықтырушысы»;
  • 2010 жыл - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Қаржы бакалавры»;
  • 2019 жыл - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Педагогика ғылымдарының магистрі».

Еңбек жолы:

  • 01.11.2007 - 22.08.2008 жж. - №7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің биатлоннан оқытушы-жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
  • 08.09.2008 - 05.01.2009 жж. - «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМҚК қысқы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің нұсқаушысы, Астана қаласы;
  • 05.01.2009 - 01.09.2010 жж. - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті олимпиадалық спорт түрлері басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
  • 01.09.2010 - 13.01.2011 жж. - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Жоғары жетістіктер спорта басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
  • 13.01.2011 - 01.04.2012 жж. - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;
  • 01.04.2012 - 01.06.2013 жж. - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті Қысқы спорт түрлері басқармасының бастығы, Астана қаласы;
  • 01.06.2013 - 20.10.2014 жж. - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы, Астана қаласы;
  • 20.10.2014 - 30.03.2015 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы, Астана қаласы;
  • 30.03.2015-09.11.2021 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы, Астана қаласы;
  • 10.11.2021-18.12.2023 жж. - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;
  • 19.12.2023-01.07.2024 жж. - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы;
  • 2024 жылдың 1 шілде «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:

  • 05.12.2016 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі;
  • 02.12.2021 ж. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
  • 16.10.2023 ж. «Құрмет» Ордені.