Жекпе Жек көпфункционалды заманауи спорт сарайы 2019 жылдың шілдесінде ашылып, елордамыздың көрікті ғимараттарының біріне айналды. Сарай ғимаратының пішіні қалықтаған бүркітті бейнелейді, инновациялық сәулеттік жарықтандырылғын, дизайнындағы қыранның керемет пішінінің әрбір бүгілісіне назар аударылған. Ғимараттың медиафасадының ауданы 32248 шаршы метрді құрайды.

Аты аңызға айналған спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі спорт сарайына ҚР Үкіметінің 2020 жылғы қаулысымен берілді. Жақсылық Үшкемпіров – Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы, спортпен қатар мемлекеттік және қоғамдық жұмыстармен де айналысты, Қазақстанның Еңбек Ері атағымен, «Барыс», «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Қазақстан астанасының 5000 орындық манежі бар әмбебап спорт нысаны жекпе-жек өнерінің барлық түрлерінен: бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және жеңіл атлетика бойынша халықаралық жарыстарды өткізуге арналған және спорт сүйер қауымға шексіз мүмкіндіктер береді.

Сондай-ақ, Жекпе Жек сарайында 25 метрлік бассейн, қонақ үй, шағын футбол алаңы, фитнес-орталығы, спорт секциялары спорт сүйер қауым үшін ашық. Залда VIP орындықтар, скайбокстар, төрешілер стендтері, спорт комментаторларына арналған кабиналар және 54 орындық журналистерге арналған заманауи баспасөз орталығы бар. Мұнда дәмханалар мен асханалар, автотұрақ, 250 орындық автотұрақ бар.