Фитнес орталықтары

"Сарыарқа" велотрегіндегі Фитнес-орталық

Біз сіздерді денсаулықты нығайтатын, сұлулық пен тамаша көңіл-күй сыйлайтын әлемге саяхат жасауға шақырамыз!

«Сарыарқа» фитнес орталығы Есілдің сол жақ жағалауындағы республикалық велотректе орналасқан.

Фитнес орталығында жаттығу жасау – ең алдымен адамдарға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бүгінде біздің фитнес орталығымыздың тәжірибелі нұсқаушылары келушілермен жаттығу жүргізеді. Олар өзінің алға қойған мақсатына қарай әрбір спортшыға жеке бағдарлама ұсынады.

Бағдарлама бойынша фитнеспен шұғылдану спорттық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің мақсатымыз – Астана қаласының тұрғындары мен меймандарын бұқаралық спортты насихаттауға шақыру.

«Сарыарқа» фитнес орталығы республикалық велотректің екі қабатында оналасқан. Оның құрылымына жаттығу залы, бассейн мен сауна кіреді.

Біз өз клиенттерімізге ең озық, бірегей және фитнес төңірегіндегі заманауи қызметтерді ұсынамыз. Біздің орталықта келушілер отбасымен демалып қана қоймай, денені шынықтырып, спортпен белсенді шұғылдана алады.

Орталықтағы барлық бағдарламалар келушілердің денсаулығын қадағалау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленді.

Фитнес орталығының жұмыс кестесі:

  • Дүйсенбі - санитарлық күн

  • Сейсенбі - 9:00-ден 23:00-ге дейін

  • Сәрсенбі- 9:00-ден 23:00-ге дейін

  • Бейсенбі - 9:00-ден 23:00-ге дейін

  • Жұма - 9:00-ден 23:00-ге дейін

  • Сенбі - 9:00-ден 23:00-ге дейін

  • Жексенбі - 9:00 -ден 23:00-ге дейін

Сату бөлімінің жұмыс уақыты:

  • 07:00-ден 20:30-ге дейін (Сс.- Жк.) түскі үзіліс 13:00-ден 13:30-ға дейін.

Мекен-жайымыз:

Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 45 «А» (батыс кіреберісі).

Байланыс телефоны: +7 (7172) 707 179, 707 149, +7 (702) 015 48 75 (дүйсенбі - санитарлық күн).

Артқа