Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«Астана» 30 наурызда «Парма» клубын қабылдайды

29.03.2019

Сенбі күні, 30 наурызда, «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Пермнің «Парма» клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді.

«Парма» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/16, 2018/2019
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
Командалар осыдан тура бір ай бұрын, 27 ақпан күні Пермь қаласында кездескен. Онда елорданың «Астана» клубы «Парма» командасын 80:85 есебімен ұтып кеткен болатын. Дәл қазір «Парма» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде 13-ші (төменнен санағанда екінші) орынды иеленіп тұр. Пермдіктер 21 ойында тек 4 рет жеңіске жеткен. Ал «Астана» өткен дүйсенбіде, Химкиде ұтылып қалса да, жеңісінің жеңілісінен артық теңгерімін сақтап (13-8), турнир кестесінде алтыншы орынға орналасты.

30 наурыз күні жанашыр жанкүйерлеріміздің бәрін «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарында күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де. Матч билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар.


Дереккөз: pbcastana.kz

Бөлісу: