Мэдисон жарысы бойынша ҚР чемпионаты және спринт түрлерінен ҚР Кубогі

27.09.2024

26 қыркүйектен бастап «Сарыарқа» велотрегінде Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты және спринт түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтіп жатыр. Еліміздің үздік велошабандозы ретінде танылуға мүмкіндік беретін сайысқа ерлер, әйелдер, юниорлар және юниор қыздар қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Мэдисон жарысы – асқан жауапкершілік пен үйлестіруді, алдын ала ойланып, әрекет етуді талап ететін командалық ойын түрі. Әр жарыста командадан екі адамнан шығып, спринттерді орындайды. Спортшылардың ауысып, бір-біріне қолдау көрсетуі жеңіске деген мүмкіндікті арттыра түседі.

Ал спринт – максималды жылдамдықты талап ететін жеке жарыс. Бұл жерде әр ойыншы өзінің күшін, әдіс-тәсілін әрі төзімділігін көрсетеді. Әсіресе, соңғы айналымда команданың қолдауы өте маңызды рөл атқарады.

Жарысқа Алматы, Астана қалаларының, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 47 спортшы қатысуда.

Спорттық бәсеке 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Бөлісу: