Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Біздің спортшылардың Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдегі нәтижелері.

11.05.2021

7-9 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Бұл турнирде 7 елдің 194 спортшысы бақ сынасты.

«Нұр-Сұлтан» ОДО-спортшылары 4 алтын мен 3 қола жүлдені иеленді.

Алтын жүлде иегерлері:

Базарбаев Нұрсұлтан - 60кг

Қошқар Дін-Мұхамед – 67 кг

Эюбов Вейсал – 77 кг

Жәнібекұлы Асылбек - 130 кг

Қола жүлде иегерлері:

Гасымов Азиз – 63 кг

Тойшыбаев Даурен – 97 кг

Ерланов Ерзат – 97 кг

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және биік белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!

Бөлісу: