Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спортшыларымыз халықаралық жарыстарға қатысады

04.03.2019

2019 жылдың 1-5 наурыз аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Түркияның Алания қаласында өтіп жатқан халықаралық жарысқа қатысуда. 

Маунтинбайк жарысында ел намысын Т.Аликулов, Н.Карпухин, Д.Тұрсынғали, В.Абдуллаев қорғайды. Тартысты додада аға жаттықтырушылар Т.Аканов, А.Головащенко спортшыларға қолдау білдірмек. 

2019 жылдың 9-10 наурыз аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Түркияның Алания қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады. 

Әйелдер құрамасынан Р.Сұлтанова, Ж.Санақбаева, Т.Генелева, А.Соловьева, В.Мырксина қарсыластарымен бақ сынасады. Байрақты бәсекеде спортшыларға бапкер А.Килибаев, механик А.Стрелецкий қолдау көрсетпек. 

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз.

 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: