Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

18.10.2024

17 қазаннан бастап Түркістан облысында стенд атудан   халықаралық жарыстар алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Спорттық шараға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының екі жаттықтырушысы жетекшілік ететін 25 спортшы қатысуда.

Стенд ату нақтылықты, мықты жүйке жүйесін ең бастысы көру қабілетінің өткірлігін талап етеді. Жаттығу барысында спортшылардың аталған қасиеттері одан сайын дамып, физикалық белсенділіктері мен ату техникалары артатыны сөзсіз.

Оқу-жаттығу жиыны командалық рухты көтеріп, ойыншылардың өзара тәжірибе алмасуына септеседі. Түркістан облысындағы іс-шара 31 қазанға дейін жалғасады. Мергендерімізге сәттілік пен халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауға күш-қуат тілейміз!

Бөлісу: