Жаңалықтар
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТЕДІ
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңін қабылдайды. Бұл — Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) ең маңызды турнирлерінің бірі.
Жарыс 26–29 наурыз күндері Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Турнирге әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады.
Әлемнің ең мықты ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарда медальдар үшін бақ сынайды.
Қазақстанның ерлер құрамасында елдің жетекші спортшылары — Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, әр санатта (ерлер мен әйелдер) еліміздің намысын 30-ға дейін спортшы қорғайды.
Астанада Әлем кубогы кезеңінің өтуі халықаралық спорт қауымдастығының жоғары сенімін көрсетіп, Қазақстанның ірі халықаралық жарыстарды өткізуге қабілетті ел ретіндегі беделін арттыра түседі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын спортшыларды қолдап, осы ауқымды спорттық шараның бір бөлігі болуға шақырамыз!