Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«МЕНІҢ СПОРТТЫҚ ТАРИХЫМ» АЙДАРЫНДА — ТРИАТЛОННАН СПОРТ ШЕБЕРІ АЛУА НҰРМҰХАМЕТ

21.10.2026
Алуа Нұрмұхамет — триатлоннан спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы. Оның спорттағы жолы 2017 жылы жүзу үйірмесіне қатысудан басталды. Ата-анасының қолдауымен спортқа келген Алуа біртіндеп жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие бола бастады. Уақыт өте келе жүзуге деген қызығушылығы триатлонға ұласып, спорт оның өмірінің маңызды бөлігіне айналды.
 
Тоғыз жылдық спорттық жолында Алуа түрлі қиындықтарға тап болды. Әсіресе өткен жылы алған стресс-сыну жарақаты оңайға соқпады. Біраз уақыт жаттығу жүктемесін азайтуға тура келді. Бұл кезең оған сабыр сақтауды, денсаулығына мұқият қарауды және толық қалпына келудің маңызын түсінуге көмектесті.
 
Алуаның алғашқы жаттықтырушысы — Мұрат Темірбекұлы. Ол спорттағы алғашқы қадамдарын осы бапкердің жетекшілігімен жасады. Кейін Татьяна Бойконың қол астында жаттықты. Ал үш жылға жуық уақыт бұрын алғашқы жаттықтырушысының командасына қайта оралды. Содан бері Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап келеді. Қазір Алуа Мұрат Темірбекұлы мен Асан Болатұлының жетекшілігімен жаттығып жүр.
 
Спортшы үшін отбасының, жаттықтырушыларының, командасы мен жақындарының қолдауы ерекше маңызды. Олардың сенімі Алуаға қиындықтарды еңсеріп, алға ұмтылуға күш береді.

Алдағы уақытта Алуа спорттық мансабын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жетуді көздейді. Сонымен қатар болашақта жаттықтырушы немесе оңалту маманы болуды да жоспарлап жүр. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, басқа спортшыларға жарақаттан кейін қалпына келуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектескісі келеді.

Бөлісу: