Жаңалықтар
«АСТАНА-ЖАСТАР» МЕН «ЛОКОМОТИВ» КОМАНДАЛАРЫ ЕКІНШІ РЕТ КЕЗДЕСТІ
«АСТАНА-ЖАСТАР» МЕН «ЛОКОМОТИВ» КОМАНДАЛАРЫ ЕКІНШІ РЕТ КЕЗДЕСТІ
«Астана-Жастар» мен «Локомотив» баскетбол командаларының арасындағы екінші ойын 22 қаңтар күні «Сарыарқа» велотрегінің ойын аланыңда ВТБ Бірыңғай жастар лигасының аясында өтті. Кездесудің басым бөлігінде алаң иелері ойын тізгінін өз қолында ұстады.
Алайда шешуші соңғы ойын бөлігінде «Локомотив» өз қарқынын күшейтіп, басымдықты өз жағына аудара білді. Қорытынды есеп 65:77 болды.
Илья Пестов - 21 ұпай, 4 рет доп қағып алу және 3 блок-шот қою арқылы матчтың ең нәтижелі ойыншысы атағын алды. Захар Медовской 13 ұпай жинап, 8 нәтижелі пас беріп, 6 рет доп қағып алды. Сондай-ақ Саян Мамутов, Роман Байболов және Михаил Чопов та нәтижелі ойын өрнегімен көзге түсті.
Бұл матч «Сарыарқа» велотрегінің алаңында өткен ВТБ Бірыңғай жастар лигасының тұрақты маусымындағы ойындардың бірі болды.