Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы
Орталық спортшыларының жетістіктері

Орталық спортшыларының жетістіктері

2015 жылы олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 26 рет халықаралық жарыстарға, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына 2 рет және 4 рет Ұлттар Кубогы жарысына, 3 рет Азия чемпионатына қатысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 жарысқа артық (Анықтама: 2014 жылы 20 рет халықаралық жарысқа, соның ішінде 2 рет Әлем чемпионатына, II-ші Жасөспірімдер Олимпиадасы ойындары, 3 рет Азия чемпионатына қатысты).

Орталықтың төрт спортшысы халықаралық деңгейдегі спорт шебері атанды (2015 жылы - 8). Сондай-ақ, 13 - спорт шебері (2014 жылы-12), 11- спорт шеберіне кандидат (2014 жылы - 10), 38 - бірінші санаттағы спортшылар бар.

2015 жылы спортшыларымыз жемісті жетістікпен оралып, 58 медальды қанжығасына байлады. Соның ішінде 19 алтын, 13 күміс, 26 қола медаль қоржынға түсті (Анықтама: 2014 жылы трек және тас жолынан Азия чемпионаты Қазақстанда өткізілгендіктен 75 медальға, соның ішінде 34 алтын, 26күміс, 15 қола медальға қол жеткізді).

Азия чемпионатында трек жарысы бойынша ең үздік көрсеткіш:

-         4 км. командалық жарыста – 1 орын;

-         ұпай бойынша топтық және 2 км. жеке ізге түсу жарысында – 2 орын;

-       3 км.командалық жарысында, 2 км. ізге түсу жарысында және скретчте – 3 орын.

Азия чемпионатында тасжолдағы жарыстар бойынша ең үздік көрсеткіш:

-         жеке жарыста- 2 орын.

2015 жылы жасөспірімдер құрама командасы жыл қорытындысына сәйкес 11 орынға табан тіреді. 2015 жылдың тамызында алғаш рет елімізде жасөспірімдер арасында велоспорттан Әлем чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста 32 мемлекеттің 220-дан астам спортшылары өзара бақ сынады.

Қазақстан құрама командасының 18 спортшысы Әлем чемпионатында жарыстың барлық түрінен өнер көрсетті. Нәтижесінде спортшыларымыз чемпионатта жүлделі орыннан көрінді.

-         ұпай бойынша қыздар арасындағы жарыста – 6 орын;

-         жасөспірімдер арасындағы мэдисон жарысында - 5 орын;

-         командалық ізге түсу жарысында – 9 орын;

-         скретчтен – 8 орын.

Трек бойынша Азия кубогында:

-         2 км. жеке ізге түсу жарысында, скретчте, 500 м гитте, кейринде, ұпайлар бойынша топтық жарыста – 1 орын;

-         ұпайлар бойынша топтық жарыста, спринтте (жасөспірімдер мен қыздар), кейринде – 2 орын;

-         1 км жеке ізге түсу жарысында, 3 км. командалық спринтте – 3 орын.

Түрлі халықаралық жарыстарда:

-         6 рет Ресей біріншілігінде – 1 орын;

-         Өзбекстандағы республикалық жарыстарда – 1 орын;

-         6 рет жалпыресейлік жарысында – 2 орын;

-         13 рет өңіраралық және халықаралық жарыстарда – 3 орын.

2015 жылы олимпиадалық даярлау орталығында 56 оқу-жаттығу жиыны өтті. Соның ішінде ҚР - 28 (2014 жылы -15), шет елде – 28 (2014 жылы - 32). Жалпы алғанда 357 күн ішінде елімізде оқу-жаттығу жиыны – 851 рет, ал 357 күн ішінде 494 рет ұйымдастырылды. Шет елдегі көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 50 пайызға төмен.

Азия чемпионатындағы трек жарысында жастар (ерлер) арасында 1 орынды – С. Шатовкин, А. Жұмахан, А. Тұрар, В. Цой, қыздар арасында 2 орынды Н.Генелева, 3 орынды В. Пастарнак, С. Рябова, Н. Генелева, С. Рябова иеленді.

Тасжол жарысы бойынша Азия чемпионатында Т. Генелева екінші орынға тұрақтады.

Жастар арасында өткен Әлем кубогында В.Пронский 2 орынды иеленді.

Азия кубогында (қыздар) В. Пастарнак, Ж. Сеитова, Н. Генелева, Т. Генелева, В. Тихова, Р.Ахметча, Ж. Санақбаева, Р.Ахметча 1-2-3 жүлделі орындарды қанжығасына байлады.

Азия кубогында (ерлер) М. Сатликов, М. Налетов, С.Пономарев, Т.Куат 1-2-3 орындарды иеленді.

Спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, жоғары нәтиже көрсетті.

-         1 орын – С.Пономарев, М. Сатликов, О.Баембаев, Д. Марухин;

-         2 орын Н.Генелева, А.Тұрар, О. Баембаев, В. Мырксина;

-      3 орын – О. Баембаев, М. Курносова, Ж.Сеитова, Э.Розенберг, М.Налетов, В.Пастарнак, Г.Брусенский, С.Пащенко, В.Мырксина, А. Кузьмин.