Жаңалықтар
«SKATE ASTANA» халықаралық турнирі 2 наурызда ашылуы өтеді
Наурыз айының 2-4 күндері аралығында «Сарыарка» Республикалық велотрегінің мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан «SKATE ASTANA» халықаралық турнирі өтеді.
Халықаралық турнирде Қазақстанның барлық қалаларының және Қырғыз, Өзбекстан, Россия, Турция елдерінің спорт өкілдері қатысады. Турнирде мұз айдынында мәнерлеп сырғанау клубтарымен мектептерінің 10-15 жастағы жасөспірім спортшылары сайысады.
Аталған жарысты өткізудің басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдер спортын әрі қарай дамыту, мәнерлеп сырғанау спортын жақсартып, жетілдіру, мықты спортшыларды анықтау.
Мәнерлеп сырғанаудан Халықаралық турнирінің жеңімпаздары тиісті жүлде медальдарымен және грамоталарымен марапатталады.
Осы жарыстың ұйымдастырушысы және өткізушісі - конькимен мәнерлеп сырғанау «ICE STARS» мектебі.
Мандат комиссиясының отырысы және жеребе салу 1 наурызда сағат 16.00 басталады.
Жарыстар кестесі:
2 наурыз сағат 09.00 - 20.30.
3 наурыз сағат 09.00 - 18.30.
4 наурыз сағат 10.00 - 14.50.
Сауалдарыңызбен хабарласуға болатын телефон нөмірлері:
Бас төреші Брежнева А.А. 8 701 559 01 96.
Жарыс басқарушысы Перфильева Н.Л. 8702 882 63 61.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі