Жаңалықтар
«FERDI ZEYREK MTB RACE SERIES» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ.
«FERDI ZEYREK MTB RACE SERIES» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ.
18–19 сәуір күндері Түркия Республикасының Акхисар қаласында маунтинбайк бойынша юниорлар мен жасөспірімдер арасында «Ferdi Zeyrek MTB Race Series» халықаралық жарысы өтті.
Аталған додаға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысты. Команданы жаттықтырушы Т.К. Аканов бастап барса, механик қызметін Александр Стрелецкий атқарды.
Жарысқа орталықтың 6 спортшысы қатысып, ел намысын келесі құрамда қорғады:
- Климентий Ким,
- Иван Джимма,
- Иван Григорьев,
- Богдан Лухманов,
- Дария Рустем
- София Мамаева.
Жарыстың қорытындысы бойынша
Лухманов Богдан – 2 орын
Рустем Дария – 2 орын
Ким Климентий – 3 орын
Мамаева София – 3 орын
Халықаралық деңгейдегі бұл жарыс жас спортшылар үшін тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.