Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Елорданың 20-жылдығы

06.02.2018

Елорданың 20-жылдық мерейтойы  биылғы жылдың 6 шілдесінен 31 желтоқсаны аралығында мерекеленетін болатын.

1997 жылғы 10 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының елордасы Ақмола қаласы-қазіргі Астана қаласы болып жарияланғанын еске түсіреміз.  Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.

Астана күні – 6 шілде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. 2018 жылы Астана қаласы елорда мәртебесін алған күніне 20 жыл толады. Кейінгі 20 жыл ішінде қала халқы 3,5 есе артты және 1 млн.аса адамды құрайды. Сонымен бірге осы кезеңде елорда аумағы 258 шаршы метрден 800 шаршы метрге дейін кеңейді.

Қазіргі уақытта Астана Қазақстанның қалыптасқан әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және саясаттық орталығы болып табылады. Қазақстанның астанасы тәуелсіздік жылдары ішінде біздің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саясаттық табыстарын бейнелейді, елдің дамушы күш-қуатын және оның бұдан даму әлеуетін көрсетеді. Бүгінгі таңда елорда – Қазақстандағы барлық позитивтік бастамалар мен өзгерістердің қолбасшысы. Астана дамуға шабыт беріп, республиканың барлық өңірлері үшін тартылыс орталығы болып табылады. 

Ақпарат көзі: www.zakon.kz

Бөлісу: