Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ

16.04.2026

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ

2026 жылы «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының академиялық есу бөлімі жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Бөлім құрамында барлығы 23 спортшы бар. Олар жас ерекшеліктеріне сәйкес келесі топтарға бөлінген:

  • жастар санаты – 11 спортшы;
  • юниорлар – 9 спортшы;
  • жасөспірімдер – 3 спортшы.

Оқу-жаттығу үдерісін 2 білікті жаттықтырушы жүзеге асырады. Олардың кәсіби тәжірибесі мен әр спортшыға деген жеке көзқарасы спортшылардың қабілеттерін тиімді дамытуға және шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлім спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға тұрақты түрде қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Бөлісу: