Жаңалықтар
АЛЕКСАНДРА ЛЕ ЖӘНЕ НИКИТА ШАХТОРИН ТМД ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС ЖЕҢІП АЛДЫ
АЛЕКСАНДРА ЛЕ ЖӘНЕ НИКИТА ШАХТОРИН ТМД ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС ЖЕҢІП АЛДЫ
2025 жылғы 2–7 қазан аралығында Әзербайжанның Гянджа қаласында III ТМД ОЙЫНДАРЫ өтуде. Аталған халықаралық дода аясында нысана көздеу бойынша жарыстар да өз мәресіне жетіп келеді.
10 метрге пневматикалық мылтықтан аралас командалық ату (ВП-Микс) сайысында QAZAQSTAN TEAM құрамында өнер көрсеткен Александра Ле мен Никита Шахторин тамаша нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.
Бұл – спортшыларымыздың кәсіби дайындығы мен жанкешті еңбегінің нәтижесі. Жарыс барысында олар жоғары дәлдік, сабырлылық пен командалық рух көрсетті. Бұл жетістік Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткішіне оң әсерін тигізіп, жас спортшыларға зор мотивация берері анық.
Қазақстандық спортшылардың халықаралық ареналардағы әрбір табысы – еліміздің беделін арттырып, спорт саласындағы жетістіктерімізді паш етеді. Александра Ле мен Никита Шахторинді шын жүректен құттықтай отырып, оларға алдағы жарыстарда табыс пен жаңа белестер тілейміз.