Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды

04.01.2023

Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған Жарлыққа бүгін қол қойды. «Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалсын», - деп жазылған құжатта.

Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тəмамдаған.

Әр жылдары Nur Otan партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам жəне ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеген.

Осыған дейін, 2022 жылдың ақпанынан бері Amanat партиясының Атқарушы хатшысы ретінде қызмет етті.

Бөлісу: