Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Астана қаласы бойынша ҰҚКД «Астана» ОДО қызметкерлеріне қауіпсіздік шаралары жайында түсіндірді

16.05.2024

Бүгін, 16 мамыр күні, Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлеріне террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлер жағдайында объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде сабағын өткізді.

Сабақ барысында мамандарға объектіні эвакуациялау әдістері мен рәсімдері туралы ақпарат айтылды, сондай-ақ террористік сипаттағы жағдайлар орын алған кезде не істеу керектігі түсіндірілді. Яғни, мамандар мен келушілерді эвакуациялау және құқық қорғау органдарымен қалай байланысу қажеттігін егжей-тегжейлі баяндады.

Бөлісу: