Жаңалықтар
«АСТАНА» ҮЙДЕГІ ОЙЫНДА «КАЛЕВТІ» ҮЛКЕН АРТЫҚШЫЛЫҚПЕН ЖЕҢДІ
Бастаушы бестік: Джерри Джонсон, Никлас Каньер-Медли, Джейкован Браун, Лукша Андрич, Патрик Калатес.
Матчтағы есепті Джерри Джонсон 2-ұпайлық доп лақтырып, ашқан болатын. Осыған «Калев» та екі ұпайлық доппен жауап берді. 5-ші минутта есеп тең болды - 9:9. Одан кейін «Астана» алға ұмтылады: Ник Каньер-Медли 2-ұпайлық допты торға тигізеді. Осыдан кейін «Калев» тайм-аут алады, алайда бұл үзілік жағдайды түзетпейді. «Астана» сенімді түрде «Калевтен» озып, бірінші кезеңді 24:18 есебімен аяқтайды. Екінші кезеңнің басында «Калев» үш-ұпайлық доп лақтырып еді, Рашид Махалбашич жауап ретінде 2-ұпайлық доп тигізеді. Екінші кезеңнің ортасында есеп «Астана» пайдасына 31:24 болады. Алайда, екінші кезеңнің соңына дейін «Калев» есептегі артықшылықты қысқартып, үлкен үзіліске командалар «Калев» пайдасына 41:43 есебімен кетеді.
Үлкен үзілістен кейін «Калев» бірінші болып «Астана» торына 2-ұпайлық доп тигізеді. Үшінші кезеңнің ортасында есеп тең болады. Алайда, үшінші кезеңнің соңына дейін Джерри Джонсон «Астананы» алға шығарады. Төртінші кезеңде «Калев» жағдайды жақсартуға тырысады, алайда, астаналықтар өз торының қасындағы қорғауды мықты ұстап, «Калевке» доп тигізуге мүмкіндік бермеді. Нәтиже – 93:72.
«Калев» БК-ның бас бапкері Алар Варрактың түсініктемесі:
- Бұл өте күрделі ойын болды, біз ойынды жақсы бастап, есепті тең ұпайда ұстауға тырыстық. Алайда, төртінші кезең шешуші болды. Осы кезде «Астана» маңызды доптар соғып, артықшылыққа ие болып, жеңіске жетті. «Астана» командасынан Джерри Джонсонды ерекше атап кеткім келеді – осы ойыншы ойын басында 7-ұпай алып, алған бағытынан таймай, матчты жақсы статистикамын аяқтады – 30 ұпай. Менің ойымша, «Астананың» жеңіске жету жолында дәл Джонсон шешуші роль ойнады.
«Астана» БК-ның бас бапкері Рамунас Бутаутастың түсініктемесі:
- Біріншіден, бізге ұшып келуден және румындық «Энергиямен» ойнаған ойыннан кейін есімізді жинап, осы матчқа дайындалу қажет болды. «Калев» осы маусымда жақсы ойын көрсетіп келе жатқан команда. Біздің ойыншылар осы ойынның маңыздылығын, маусымды құтқару қажеттілігін түсінген болатын. Біз ойынды жақсы бастап едік, алайда, кейін ұйымдасуымыз әлсіреп қалады. Екінші кезеңнен кейін, жиналыс өткізіп, ойынды тағы да басқардық. Біз 20 ұпай алда болғанымызға қарамастан, қарсыласымыз – әлсіз команда емес. Мен бүгінгі ойынмен қанағатпын. Енді келесі матчқа дайындалу қажет.
«Астананың» үздіктері: Джерри Джонсон - 30 ұпай, Рашид Махалбашич - 16 ұпай, Патрик Калатес - 15 ұпай, Анатолий Колесников- 10 ұпай, Джейкован Браун - 8 ұпай.
Біздің жігіттерді осы жеңіспен құттықтаймыз!
Келесі ойынды «Астана» Еурочеллендж додасының аясында үйдегі алаңда бельгиялық «Окапиге» қарсы 24 ақпан күні сағат 20-00-де өткізеді.