Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДА АЛТЫН!

25.08.2025

Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар керемет нәтиже көрсетуде!

Жасөспірімдер арасындағы жеке сын бойынша (скит жаттығуы) Артём Седельников тамаша жеңіске жетіп, алтын медальді жеңіп алды! Ол өз жас санатында Азиядағы ең мықты мергендердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте (скит) Қазақстан құрамасы құрамында:

  • Артём Седельников

  • Ратмир Еникеев

  • Максим Почивалов

күміс жүлдеге ие болып, құрметті екінші орынды иеленді!

Сонымен қатар, қыздарымыз да жоғары нәтиже көрсетті.
Жасөспірім қыздар арасындағы скит жаттығуы бойынша командалық есепте ЦОП «Астана» атынан сынға түскен құрам:

  • Ангелина Сорокина

  • Диана Сабекова

  • Лидия Башарова

алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпиондары атанды!

Бөлісу: