Жаңалықтар
ДАРХАН ҚАЛЕТАЕВ ҚАЗАҚСТАН ВЕЛОСИПЕД ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ БОЛДЫ
29.01.2015
Бүгін Астанада Қазақстан велоспорт федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, онда Қайрат Келімбетовтен федерация президентінің өкілеттігі алынып тасталып, қоғамдық ұйымның жаңа басшылары сайланды.
Қазақстан велоспорт федерациясының президенттігіне Дархан Кәлетаев, бірінші вице-президент болып Райымбек Баталов, вице-президенттер болып Александр Винокуров, Зульфия Забирова және Аманбек Кульчиков сайланды.
Велоспорт федерациясының бұрынғы президенті Қайрат Келімбетов 2015 жылдың қаңтарында федерация президенті қызметінен кететінін жариялап, оның басты себебі ретінде негізгі жұмысындағы жүктемені алға тартты. Қайрат Келімбетов – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы.