Жаңалықтар
МАУНТИНБАЙК СПОРТЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
Есептік кездесуде «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы маунтинбайк бөлімшесінің аға жаттықтырушылары Артем Головащенко мен Тыныс Ақанов жылды қорытындылап, жеткен жетістіктері, бағындырған асуларымен бөлісті.
Мамандар маунтинбайк спортының қазіргі деңгейі, даму перспективалары қандай екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, спортшылардың алдағы жарыстарға дайындығы да бүгінгі жиналысқа арқау болды.
Жаттықтырушылар ағымдағы жылы спортшылардың дайындығында оң өзгерістер байқағандарын айтты. Сонымен қатар, оқу процесін жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және маунтинбайк спортына жас таланттарды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әдеттегідей, болашаққа құрылған жоспарлар да ортаға салынды. 2025 жылы орталықтың велошабандоздары бірталай сайысқа қатысып, биік шыңдарға жетуге ниетті.