Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

СТЕНД АТУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

18.11.2024

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы стенд ату бөлімінің аға жаттықтырушылары Виталий Кудрявцев, Сергей Колос және Евгений Пискун Zoom платформасы арқылы онлайн форматта жылдық есеп берді. Жиналысқа аталған спорт түрі бойынша басқа да жаттықтырушылар қосылды.

Жаттықтырушылар осы жылы атқарылған шаруаны жіпке тізіп, спортшылар мен жалпы команданың жұмысына талдау жасады, сондай-ақ жеткен жетістіктері мен марапаттарға тоқталып өтті.

Спорттық іс-шараларды қаржыландыру мен жоспарлау да ортаға салынды. Бұдан бөлек, алдағы 2025 жылға қойылған мергендердің жоспарымен бөлісті.

Жаттықтырушылар «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы елімізде стенд атуды дамытып, білікті спортшылар дайындап шығаруына мол үлесін қосып жүргенін айтты.

Бөлісу: