Жаңалықтар
Байдарка мен каноэде есушілер Азия чемпионатында жүлдегер атанды
17.06.2024
Орталықтың байдарка мен каноэде ескек есуші спортшылары Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегер атанды. Нақтырақ айтсақ, К2 500 және 1000 метр қашықтықта Дмитрий Холмогоров пен Егор Краснонос І орынға ие болды. К1 500, 1000 метр қашықтықта Виктория Фалалеева алтын, күміс медальдарды еншіледі.
К2 микс түрі бойынша Виктория Фалалеева мен Евгений Русаков І орын алды. Жасөспірімдер арасында С1 жарысында Сұлтан Шарапиев ІІІ орынды қанжығасына байлады.
С2 микс түрінде Малика Тұрсын мен Вадим Баранов ІІІ орын алды. Құттықтаймыз!