Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ III ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

29.09.2025
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ III ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ТМД елдерінің III ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.

Стенд атудан скит-микс бағдарламасында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қарсыластары арасында үздік үштіктің қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшылар финалдық кезеңде сенімді өнер көрсетіп, өздерінің шеберлігі мен тәжірибесін паш етті.

Айта кетейік, ТМД елдерінің ойындары достастыққа мүше мемлекеттердің спортшылары бас қосатын ірі халықаралық дода болып саналады. Бұл жарыстарда спортшылар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, елдерінің спорт беделін нығайтады.

Қазақстандық атқыштардың жетістігі – еліміздегі спорттың дамуы мен бапкерлердің еңбегінің айқын көрінісі.

Спортшыларымызды лайықты жетістігімен құттықтаймыз!

Бөлісу: