Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Ислам Сәтпаев пен Александра Ле елге оралды

07.08.2024

Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле елге оралды. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, Францияның төрінде көк туымызды желбіреткен қос спортшыны Алматы қаласының әуежайынан жақындары, достары, спорт саласының өкілдері мен журналистер құрмет-қошеметпен қарсы алды.

Айта кетсек, нысана көздеуден ел қоржынына 1996 жылдан бері жүлде салынбаған. Спортшыларымыз араға 28 жыл салып, қола медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Бөлісу: