Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АЛИХАН ТҰЯҚТЫҢ ҮЛКЕН СПОРТ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

21.08.2025
АЛИХАН ТҰЯҚТЫҢ ҮЛКЕН СПОРТ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Алихан Тұяқ — жастайынан спортты өміріне серік етіп, садақ атудан спорт шебері атанған талантты спортшы. Оның айтуынша, бұл жол өзін жаңа салада сынап көруге деген қарапайым ниеттен басталған. Уақыт өте келе бұл қызығушылық өмірінің маңызды бөлігіне айналады: «Спорт — менің ажырамас бөлім екенін түсіндім», — дейді ол.

Жаңа спорт түрін меңгеру оңай болмады: жаттығулар көп күш пен шыдамдылықты талап етті. Бірақ тәртіп пен қалыптасқан әдеттер алғашқы қиындықтарды еңсеруге сеп болды.

Ол үшін ең ауыр сәттердің бірі — жарыстағы жеңілістер. Дегенмен, мұндай кезеңдерде де тоқтамай, алға ұмтылуға күш тапты: «Мені шыдамдылық пен жақындарымның қолдауы жігерлендірді», — дейді спортшы.

Жарысқа дайындық — нақты жүйеге негізделген. Мұнда дұрыс ұйқы, уақытылы тамақтану мен менталдық дайындық басты рөл атқарады. Әрбір жарыс алдында барынша зейін қойып, ойды жинақтауға тырысады.

Алихан маңызды жетістігі — алғашқы чемпиондық жеңіс. Бұл жетістік оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі болды.

Жаттықтырушысы туралы айтқанда, Алихан оның тек техниканы үйретуші емес, тұлғалық қалыптасуға әсер еткен тәлімгер екенін ерекше атап өтеді: «Жаттықтырушы — мен үшін мінез қалыптастыратын ұстаз».

Сондай-ақ, оның өміріндегі отбасының қолдауы ерекше орын алады. Жақындарының сенімі мен демеуі оған сенімділік пен тыныштық сыйлап, кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі.

Бүгінде Алихан алдына биік мақсаттар қойып отыр — шеберлігін арттырып, халықаралық деңгейде танылу. Оның жолы — қызығушылықтан басталып, төзім, тәртіп пен өз-өзіне сенім арқылы биіктерге жеткізетін жарқын мысал.

Бөлісу: