Жаңалықтар
ҚЫТАЙДАҒЫ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13.07.2026
ҚЫТАЙДАҒЫ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қытайдың Ордос қаласында U23 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтті. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары құрлықтық додада сәтті өнер көрсетіп, үш медаль иеленді.
Ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова күміс жүлдегер атанды.
Спорттық жүрістен Ясмина Токсанбаева қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада қола жүлдеге қол жеткізді. Құрама сапында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Анастасия Цвиркунова, Анна Шумило, Екатерина Колола және Мария Шувалова өнер көрсетті.
Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын жетістіктерімен құттықтаймыз!