Жаңалықтар
НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2026 жылғы 2–14 ақпан аралығында Үндістан Республикасының Нью-Дели қаласында өткен нысана көздеуден Азия чемпионатында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары табысты өнер көрсетті.
Орталық құрамынан жарысқа 18 спортшы және 2 жаттықтырушы қатысты. Атлеттер 15 дисциплина бойынша сынға түсіп, 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Чемпионат қорытындысы бойынша ОДО «Астана» еншісінде 13 медаль:
1 алтын
10 күміс
2 қола
АЛТЫН
* Аманова Томирис - МВ-9 жаттығуы
КҮМІС
* Носков Олег - МВ-9 жаттығуы
* Аманова Томирис - МВ-5 жаттығуы
* Ким Дмитрий - МВ-5 жаттығуы
* Кабулов Тамерлан, Сатпаева Алина - ВП-МИКС жаттығуы
ҚОЛА
* Кабулов Тамерлан - МВ-9 жаттығуы
* Ердембек Тамерлан, Жақия Асылым - ПП-МИКС жаттығуы
Қалған жүлделер командалық дисциплиналарда жеңіп алынды.
Жаттықтырушылар құрамы:
Аға жаттықтырушы - Юнусметов Р.С.
Жаттықтырушы - Зигалова Н.П.
Спортшылар мен жаттықтырушыларымызды лайықты нәтижемен және Қазақстан құрамасының жетістігіне қосқан қомақты үлесімен құттықтаймыз!