Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАН ТРЕК ВЕЛОСПОРТЫНДА ӨЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАҒЫ ДӘЛЕЛДЕДІ

29.08.2025
Азия кубогының жарыс күндерінде қазақстандық велоспортшылар өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Дмитрий Носков, Сергей Кармажаков, Илья Карабутов және Алишер Жумаканнан құралған құрам қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медаль жеңіп алды.
Юниорлар кейринінде Диас Базарбеков қарсыластарын шаң қаптырып, жеңімпаз атанды.

Ал юниор қыздар арасындағы осы жарыста біздің спортшылар толық үстемдік көрсетті:
• Динара Копжасарова — алтын,
• Айгерим Смаилканова — күміс.

Юниорлар скретч жарысында Арлан Ерик қола жүлдені жеңіп алса, юниор қыздар скретчінде Динара Копжасарова тағы да алтынға қол жеткізді.

Сонымен қатар, юниор ұлдардың командалық спринтінде:
• Журавсий Данил,
• Базарбеков Диас,
• Шемет Аркадий — жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.

Бұл жетістіктер қазақстандық велоспорттың дамуы мен болашағының жарқын көрінісі.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды Азия кубогындағы зор табыстарымен құттықтаймыз!

Бөлісу: