Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Омбыда өтіп жатқан тректегі велоспорттан гран-приде Қазақстан алтын және күміс жүлдеге ие болды

06.09.2019

Ресейдің Омбы қаласында тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтіп жатыр. Гран-приде қазақстандық спортшылар екі жүлдеге ие болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшыларымыз спринт бәсекесі бойынша үздік нәтижелер көрсетті. Павел Воржев аталған сайыс түрі бойынша алтын алқа тақты. Ал Андрей Чугай пьедесталдың екінші тұғырына көтерілді. Үздік үштікті ресейлік спортшы Никита Шуршин қорытындылады.

Айта кетейік, бүгін, 6 қыркүйек - сайыстың соңғы күні. Жүлделер із кесу жарысы, «кейрин» және «мэдисон» бәсекелері бойынша сарапқа салынады.

Дереккөз: Olympic.kz

Мемлекеттік тілге аударған велосипед спортынан ОДО.

Бөлісу: