Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ.

15.05.2025

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ.

 

Қытайдың Наньчан қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы есебі 12 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 4 күміс және 4 қола.

 

Жарысқа ел намысын қорғауға 26 спортшы қатысты. Олардың қатарында тәжірибелі есу шеберлері де, жас спортшылар да болды. Әсіресе, «Астана» Олимпиадалық дайындық орталығының өкілдері жақсы нәтижелер көрсетті:

 

Руфина Искакова — алтын, каноэ-екілік (микс), 500 метр

 

Стелла Суханова — күміс, байдарка-бірлік, 1000 метр

 

Полат Торебеков — күміс, каноэ-екілік, 500 метр

 

Мария Бровкова — қола, каноэ-бірлік, 500 метр

 

Халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқан спортшылар мен бапкерлерді құттықтаймыз!

Бөлісу: