Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ІІІ ОЙЫНДАРЫНДА СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

30.09.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ІІІ ОЙЫНДАРЫНДА СТЕНД АТУ БОЙЫНША ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Әзербайжанда өтіп жатқан ТМД елдерінің ІІІ ойындарында қазақстандық спортшы Наргиза Сарманова стенд атудан қыздар арасындағы «трап» санатында қола жүлдеге ие болды!

«Трап» – спортшының алдына қойылған арнайы құрылғыдан (трап машинасынан) нысаналар (дискілер) әртүрлі бағытта жоғары жылдамдықпен ұшып шығатын спорт түрі.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдерінің ІІІ ойындары 28 қыркүйектен 8 қазанға дейін жалғасады.

Наргизаны осы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда да зор табыстар тілейміз!

Бөлісу: