Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ!

06.10.2025

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ!

Әзербайжанның Гянджа қаласында 2025 жылғы 2–7 қазан аралығында өткен ІІІ ТМД елдерінің ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының мергені Валерия Попелова 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату бойынша жарыста қола жүлдеге ие болды. 

Валерияның бұл жетістігі – ұзақ уақыттық дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Ол дәлдік пен сабырлықты талап ететін атудан жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына маңызды жүлде салды.

Қазақстан спортшылары ТМД ойындарында лайықты өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғауда.

Ұлттық құрамамыздың атынан Валерияны шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістерге жол ашық болсын! 

Бөлісу: