Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ III ТМД ОЙЫНДАРЫНА АТТАНДЫ

03.10.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ III ТМД ОЙЫНДАРЫНА АТТАНДЫ

Қазақстан Республикасының «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының академиялық есу бойынша ұлттық құрамасы Әзербайжан Республикасының Мингячевир қаласында өтетін III ТМД ойындарына қатысу үшін жолға шықты. Спорттық дода 2025 жылғы 3-7 қазан аралығында өтеді.

  Осы жарыста еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:
·         Ануприев Д.
·         Айбеков А.
·         Первушкин С,
·         Мельников Я.
Командаға аға жаттықтырушы Ибрашев А. Н. жетекшілік етеді.

Аталған халықаралық жарыс жас спортшыларымыз үшін үлкен тәжірибе мен сын сағаты болмақ. Біз спортшыларымызға сенім артып, жеңіс жолында сәттілік, ауызбіршілік және қайсарлық тілейміз. Еліміздің көк туы биікте желбірей берсін!

Бөлісу: