Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕСУШІЛЕР «ҮЛКЕН МӘСКЕУ РЕГАТАСЫНА» ҚАТЫСУДА

05.06.2025

2025 жылғы 4–9 маусым аралығында Мәскеу қаласында (Ресей) академиялық есу спортынан «Үлкен Мәскеу регатасы» атты халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Аталған турнирге «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» 5 спортшысы мен 1 аға жаттықтырушысы қатысып жатыр.

Жарысқа 12 елден келген 1300-ге жуық спортшы тіркелген. Бұл – қазақстандық есу шеберлері үшін өз шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік.

Қатысушылар:

  • Айбеков Арыстан
  • Тойғанбаев Малик
  • Мәдіев Батыр
  • Ануприев Дмитрий
  • Сексен Арслан
  • Ибрашев Айшамбек – аға жаттықтырушы


Спортшыларға сәттілік тілейміз

Бөлісу: