Жаңалықтар
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕСУШІЛЕР БАҚ СЫНАЙДЫ
26.08.2025
2025 жылдың 25-31 тамызы аралығында Қытай Халық Республикасының Шэньянь қаласында академиялық ескек есу спортынан жасөспірімдер (U19) және жастар (U23) арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл турнир маусымдағы ең беделді жарыстардың бірі болып саналады және Азия құрлығының мықты спортшыларын жинайды.
«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының атынан Қазақстан құрамасы сапында тоғыз спортшы мен екі жаттықтырушы сынға түседі. Біздің есушілер әртүрлі сайыстарда ел намысын қорғап, шеберлігін, дайындық деңгейін және жеңіске деген жігерін көрсететін болады.
«Астана» ОДО құрамасы:
Спортшылар:
• Айбеков Арыстан
• Тойганбаев Малик
• Первушкина Тамара
• Ануприев Дмитрий
• Сексен Арслан
• Мельников Ярослав
• Жакупова Мелани
• Кулинич Анастасия
• Белоногова Варвара
Жаттықтырушылар құрамы:
• Феклистов Григорий – жаттықтырушы;
• Ибрашев Айшамбек - аға жаттықтырушы.
Жас спортшылар үшін Азия чемпионатына қатысу – халықаралық деңгейде өз күшін сынап көру мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ болашақтағы әлемдік біріншіліктер мен Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі.
Командамызға сәттілік, мықты денсаулық, табандылық, ұйымшылдық пен өз күшіне сенімділік тілейміз! Жаттығудағы шыдамдылық, тәртіп пен жеңіске деген ұмтылыс жоғары нәтижелерге және лайықты жеңістерге жеткізсін.
Сәт сапар, Қазақстан намысы үшін тек алға!