Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ II КЕЗЕҢІНДЕ
17.06.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ II КЕЗЕҢІНДЕ
2025 жылғы 15–20 маусым аралығында Сингапур қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының 2-кезеңінде қазақстандық спортшылар қатысуда.
Жарысқа әлемнің 20 елінен 204 спортшысы қатысып, мергендіктерін көрсетуде.
Ел намысын қорғап жатқан «Астана» олимпиадалық дайындық орталығының (ОДО) спортшылары:
-
Юнусова Диана (Шымкент қаласы),
-
Лян Виктория (Түркістан облысы).
Алдағы күндері қазақстандық жас мерген қыздар аралас разрядта (микс-команда) өнер көрсетіп, жүлделі орындар үшін бақ сынайды.
Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!