Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ГЕРМАНИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ БАҚ СЫНАУДА
20.05.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ГЕРМАНИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ БАҚ СЫНАУДА
2025 жылдың 19-27 мамыр аралығында Германияның Зуль қаласында стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі өтуде. Бұл халықаралық додада 59 елден келген 638 спортшы өзара мықтыны анықтауда.
Қазақстан атынан аталған жарысқа «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының екі жаттықтырушысы — Кудрявцев Виталий мен Фокеев Виталий, сондай-ақ 7 жас спортшы қатысуда:
- Ибрагимова Элеонора
- Моисеев Никита
- Айсалбаев Асылхан
- Седельников Артем
- Еникеев Ратмир
- Башарова Лидия
- Сабекова Диана
Жас мергендерімізге сәттілік тілейміз!