Жаңалықтар
ТРИАТЛОННАН АЗИЯ КУБОГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЛТЫН ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
21.07.2025
ТРИАТЛОННАН АЗИЯ КУБОГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЛТЫН ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
2024 жылғы 17 шілдеде Малайзияның Кампар қаласында жасөспірімдер арасында триатлоннан Азия кубогы басталды. «Астана» Олимпиадалық даярлық орталығының спортшылары жарыстың алғашқы күнінен-ақ жоғары нәтижелерімен көзге түсті.
Турнирдің екінші күнінде «Астана» ОДО-ның жас спортшылары аралас эстафетада алтын жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаз құрамда:
- Ержанова Диана,
- Крупяков Илья,
- Нұрмұхамет Алуа
- Оразбек Аманат өнер көрсетті.
Қазақстандықтар үздік дайындық пен керемет командалық үйлесімділіктің арқасында қарсыластарынан озып шықты.
Бұл жарыста күміс жүлдені Корея командасы, ал қола жүлдені Сингапур құрамасы жеңіп алды.
Жеңісті күнмен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы халықаралық додаларда сәттілік тілейміз!