Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР ГРУЗИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

30.09.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР ГРУЗИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

2025 жылғы 24–28 қыркүйек аралығында Грузияның Батуми қаласында садақ атудан Аджарияның XXX дәстүрлі халықаралық турнирі өтті. Аталған додаға әлемнің бірнеше елінен үздік спортшылар жиналды. Қазақстан атынан жарысқа қатысқан «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының садақшылары турнирде сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс нәтижесі бойынша:
• Сансызбай Сабыржан жеке олимпиадалық айналымда III орын, ал командалық жарыста II орынды жеңіп алды.
• Солодовникова Анастасия жеке олимпиадалық айналымда II орынға ие болды.

Бұл нәтиже – еліміздегі садақ ату спортының даму қарқыны мен спортшылардың қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.

Бөлісу: