Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

III ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУДЕ

06.10.2025

III ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУДЕ


Әзербайжанның Гянджа қаласында 2–7 қазан аралығында нысана көздеуден III ТМД елдерінің ойындары өтуде. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

10 метрлік пневматикалық мылтық ату, ерлер арасында
Ким Дмитрий – алтын медаль
Ким Дмитрий шеберлігі мен табандылығының арқасында жарыстың алтын жүлдегері атанды. Оның бұл жеңісі – дайындық пен ерік-жігердің нәтижесі.

10 метрлік пневматикалық мылтық ату, әйелдер арасында
Ле Александра – күміс медаль
Ле Александра жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Ол тұрақтылық пен жинақылықтың үлгісін көрсетті. 

Олардың бұл жетістігі – тек жеке еңбек пен күш-жігердің ғана емес, бүкіл қазақстандық спорт мектебінің жемісі. Жоғары дайындық, темірдей тәртіп, тұрақтылық пен мақсаткерлік – спортшыларымызды жеңіске жеткізген басты қасиеттер.
Осы жетістіктер болашақ жас спортшыларға үлгі болып, ел спортының одан әрі дамуына серпін беретіні сөзсіз. Қазақстанның көк байрағы тағы бір мәрте халықаралық ареналарда биікте желбіреді.

ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ЕЛІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТА БЕРІҢІЗДЕР!

Бөлісу: