Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР ТӘЖІКСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУДА
08.10.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР ТӘЖІКСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУДА
Бүгінгі таңда 2025 жылғы 6–9 қазан аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында өтетін Тәжікстан Президенті кубогі халықаралық турниріне қатысу үшін қазақстандық спортшылар сапарға аттанды.
Жарысқа «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жаттықтырушы Р. Қарабаевтың жетекшілігімен қатысуда. Делегация құрамында:
1. Әлімбаев Мансұр
2. Асанбаева Шахзода
3. Рахимжанова Нурила
Аталған халықаралық жарыс мергендердің шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Команда мүшелеріне сәттілік тілейміз!